Меню KDT

logo.jpg?_=1663825707

"№1 Мамлют мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Құрметті Мамлют ауданының тұрғындары!

    2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. «Мектепке жол» акциясының басты көрсеткіші – балалардың жаңа оқу жылына дайындығы. Биылғы жылы акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсы» ұранымен өтуде.

     

    Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық және басқа да көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке баруының алдын алу.

    Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда, оның мектепке барар жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әр балаға көңіл бөлу және шынайы қамқорлық жасауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз!

    Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

     

    «№1 Мамлют мектеп-гимназиясы» КММ қаламыздың барша азаматтарын, кәсіпкерлерді, кәсіпкерлерді, меценаттарға акцияға қосылып, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға шақырады.

    Акцияға қосылғысы келетіндер «№1 Мамлют мектеп-гимназиясы» КММ-нің сенім телефонына 8 (71541) 2-21-53 хабарласуларыңызды сұраймыз.

    20.09.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Гимназия директоры А.Ж.Айткожина

    Полезные ссылки